Accessibility links

Жақсыбай Бәзілбаев өзін сайлауға ұсынды


Жақсыбай Бәзілбаев.
Жақсыбай Бәзілбаев.

Қазақстан орталық сайлау комитеті мерзімінен бұрын президент сайлауына үміткер болуға бүгін Алматы тұрғыны Жақсыбай Бәзілбаевтың өтініш тапсырғаны туралы хабарлады.

63 жастағы Жақсыбай Бәзілбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет» қоғамдық ұйымының төрағасы. Ол бұған дейін үш рет - 1998, 2005 және 2011 жылдары өткен Қазақстан президенті сайлауларына өзін өзі ұсынғанымен, үшеуінде де саяси бәсекенің соңғы кезеңіне дейін жетпей, сайлаудан өз еркімен шығып кеткен болатын.

Қазірге дейін бес үміткер – биліктегі «Нұр Отан» партиясы атынан президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынғандар – Лимана Қойшиева, Қанат Төрегелдиев пен Әбілғазы Құсайыновқа қол жинау үшін тиісті құжаттар берілген.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 15 наурызда аяқталады. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG