Accessibility links

Қазандағы өртке қатысты тағы бір күдікті ұсталған


Қазан қаласында өртенген "Адмирал" сауда кешенінің орны. Ресей, 11 наурыз 2015 жыл.

Қазан қаласында өртенген "Адмирал" сауда кешенінің орны. Ресей, 11 наурыз 2015 жыл.

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы «Адмирал» сауда орталығында болған өртке байланысты тергеу орындары күдікті ретінде тағы бір адамды ұстаған. Ресей тергеу комитеті аймақтық басқармасының хабарлауынша, өртенген сауда ғимаратынан орын жалдаған «Заря» фирмасы директорының қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары Николай Каекин күдікті ретінде ұсталған. Тергеу тарабы соттан оны тұтқынға алуды сұрамақшы.

Бұған дейін, жұма күні «Заря» фирмасының директоры Гусейн Гахраманов сауда орталығындағы өртке байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде сот шешімімен екі айға қамалған.

Соңғы мәліметтер бойынша, наурыздың 11-і күні «Адмирал» сауда орталығындағы өрт салдарынан 17 адам қаза тауып, шамамен тағы соншама адамды өртенген ғимарат қирандысы басып қалған деп саналады. Өрттен ондаған адам зардап шеккен. Сенбі, наурыздың 14-і – Татарстанда өрт құрбандарын аза тұту күні болып жарияланған.

Қазандағы өрт оқиғасына байланысты өрт қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG