Accessibility links

Сербияда тікұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр


 Ми-17 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет)

Ми-17 әскери тікұшағы. (Көрнекі сурет)

Наурыздың 15-і – Сербияда тікұшақ апатынан құрбан болғандарды аза тұту күні. Сенбіге қараған түні Белград маңында әскери Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, барлығы жеті адам мерт болған.

Тікұшақ Нови-Пазар қаласынан дүниеге жаңа келген ауыр науқас нәрестені Белградқа ауруханаға әкеле жатқан. Сәбимен бірге тікұшақ апатынан екі дәрігер және төрт экипаж мүшесі қаза тапқан.

Апатқа қалың тұман себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылып отыр.

Апаттың себебін анықтау үшін екі комиссия құрылған, олар тексеру қорытындысын наурыздың 30-ына дейін ұсынулары тиіс.

XS
SM
MD
LG