Accessibility links

Армения парламенттік жүйе жайлы құжат қабылдады


Армения президенті Серж Саргсян.
Армения президенті Серж Саргсян.

Арменияда мемлекетті басқаруды қазіргідей президенттік жүйеден парламенттік жүйеге көшіруді көздейтін конституциялық реформа тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл туралы тиісті құжатқа сенбі күні ел президенті Серж Саргсян қол қойған. Оған сәйкес, Арменияда жаңа конституция жобасы әзірленбек.

Президент жаңа конституцияның дәл қашан қабылданатын айтқан жоқ, бірақ реформа тұжырымдамасында «парламенттік басқару формасының артықшылықтары көрсетілгенін» мәлімдеген. Конституция бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы тиіс.

Арменияның қазіргі конституциясы 1995 жылы қабылданып, 2005 жылы референдумде бекітілген. Ол бойынша әр бес жыл сайын тіке және бүкілхалықтық дауыс беру арқылы сайланатын президент мемлекет басшысы болып табылады.

Арменияда кезекті президент сайлауы 2018 жылы өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG