Accessibility links

Алматыда жолаушыны Эбола вирусына тексеріп жатыр


Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)

Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)

Эбола вирусын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген жолаушы Алматы әуежайына келіп қонған ұшақтан бірден ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Гвинеядан Стамбул арқылы Turkish Airlines әуе компаниясы ұшағымен Алматыға жеткен күдікті жолаушы Қостанай облысының 37 жастағы тұрғыны деп хабарлады кейбір жергілікті баспасөз құралдары.

Қазақстан бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Эбола вирусын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікті жолаушы туралы ақпаратты растаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының наурыздың 12-і күнгі дерегі бойынша, әлемде Эбола дертінен қайтыс болғандар саны 10 мың адамға жеткен. Қазіргі кезге бұл дертті жұқтырған адам саны 24 мыңнан асып отыр.

Қауіпті дерттен қайтыс болғандардың басым көпшілігі Африкадағы үш мемлекет – Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинеяда тіркелген.

XS
SM
MD
LG