Accessibility links

Назарбаев ерте сайлауға кандидат болып тіркелді


Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы айда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат етіп тіркеді.

ОСК қаулысында «Назарбаевтың кандидатурасын қолдап елдің 16 өңірінің барлығынан өкілдік ететін сайлаушылардың 560 523 қолы жиналғаны» айтылған.

Назарбаевтың кандидатурасын ол басқаратын «Нұр Отан» партиясы биыл мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына ұсынған. Сонымен бірге Қазақстанда ресми тіркелген партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі алдағы сайлауда Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын осы кезге дейін мәлімдеп үлгерді.

Бұған дейін одан басқа тағы төрт үміткерге – Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынғандар – Лимана Қойшиева, Қанат Төрегелдиев пен Әбілғазы Құсайынов қол жинау парақтары берілген.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін түнде аяқталады. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

Қазақстанда президент қызметі алғаш енгізілген 1990 жылдың сәуірінен бері осы қызметте отырған Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бірнеше рет мерзімді және кезектен тыс өткізілген сайлаулардың ресми нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған.

XS
SM
MD
LG