Accessibility links

ҰЭМ ТҚҚК: Эболаға күдіктінің жағдайы қалыпты


Микроскоптан үлкейтіліп көрсетілген Эбола вирусы.

Микроскоптан үлкейтіліп көрсетілген Эбола вирусы.

Эбола вирусын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен Алматы ауруханасына жатқызылған адам наурыздың 9-ы мен 14-і аралығында Гвинеяда іссапарда болған. Бұл туралы бүгін Қазақстан ұлттық экономика комитеті тұтынушылар құқығын қорғау комитеті хабарлады.

Қазіргі кезде науқастың дене температуасы бірқалыпты, ол тамағы жыбырлай беретіндігіне шағымданған деп хабарланды. Оны қараған жұқпалы дерт маманы «тыныс органдары арқылы жұғып асқынған ринофарингит» деген диагноз қойған.

Ресми ақпаратта наурыздың 15-і күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 6.55-те Алматы әуежайына Стамбулдан жеткен ұшақта болған күдікті жолаушы мен оның жанында бірге отырған адам екеуі аурухананың оқшауландырылған бөлігіне жатқызылғаны айтылған. Ұшақ санитарлық тұраққа қойылған.

Сонымен бірге, науқастың соңғы үш күнде дене қызуы көтеріліп, іші өткеніне шағым айтқаны анықталған. Оның қанында Эбола вирусы белгілерінің бар-жоғын тексеру нәтижесі 18-20 сағаттан соң анықталмақ.

Министрлік ақпаратында науқаспен байланыста болған 126 адам тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауға алынды деп айтылады. Бірақ ол адамдардың нақты қайда тұратыны, сондай-ақ науқас пен оның жанындағы адамның қай елдің азаматтары екендігі туралы Азаттықтың сұрағына тұтынушылар құқығын қорғау комитеті өкілі жауап беруден бас тартты.

Бұған дейін жергілікті баспасөз құралдары Эбола дертін жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған адам – Қостанай облысында тұратын 37 жастағы Ресей азаматы деген ақпарат таратқан.

XS
SM
MD
LG