Accessibility links

Пәкістанда шіркеуге шабуылдардан алты адам өлген


Лахордағы кафедралдық шіркеу. Пәкістан, 25 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Лахордағы кафедралдық шіркеу. Пәкістан, 25 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістанның Лахор қаласында бүгін болған жарылыстардан кемінде алты адам қаза тауып, 35 адам жараланған. Жарылыстар Лахордың Юханабад ауданындағы екі христиан шіркеуінің маңында, жұрт жексенбілік дұға қылуға жиналып жатқан кезде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстарды жанкештілер жасаған. Бірақ полиция әзірше ол ақпаратты растаған жоқ.

«Жаматул ахрар» деген топ бұл террорлық шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген. Бұл топ пәкістандық Талибан қозғалысының құрамына енеді.

Пәкістанда діни азшылықты құрайтын христиандар қауымына содырлар бұған дейін де шабуылдар жасаған.

XS
SM
MD
LG