Accessibility links

Қытай: Қырым мәселесін диалогпен шешкен жөн


Қытай премьер-министрі Ли Кэцян.

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян.

Қытай үкіметі Украинаның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығы мен егемендігін құрметтейді. Бұл туралы бүгін Қытай премьер-министрі Ли Кэцян мәлімдеген.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 11-сессиясында сөйлеген Ли Кэцян Қытай үкіметі Украина мәселесінде объективті және әділетті позиция ұстанады деп айтқан.

Оның сөзінше, Украинадағы жанжал геосаяси ахуалды күрделендіріп, әлемдік экономиканың қайта қалпына келу процесіне әсер еткен. Қытай премьері Қырым мәселесін диалог жүргізу, келіссөздер мен кеңесулер арқылы шешуге болады деген үміт білдірген.

Бұл күндері Мәскеуде Қырымның Ресейге қосылуының бір жылдығын атап өтуге арналған мерекелік шараларға дайындық жүріп жатыр. АҚШ, Еуропа Одағы елдері, БҰҰ Бас Ассамблеясы және НАТО 2014 жылы наурыздың 16-сы күні Қырымда өткен «референдум» нәтижесін мойындамайды. Осы «референдумнан» соң Ресей Қырымды өзіне қосып алған.

Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге жәрдем көрсеткені үшін Ресейге қарсы АҚШ, Еуропа Одағы және тағы бірқатар мемлекеттер санкциялар енгізген.

Украинаның шығысында үкімет күштерімен соғысып жатқан сепаратистерге Ресей жәрдем көрсетеді және ол жерге өз әскерилерін жіберіп отыр деген Батыс елдері мен Киевтің айыптауларын Мәскеу жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG