Accessibility links

Алматыға келген ресейліктен Эбола белгісі табылмаған


Алматы әуежайы. (Көрнекі сурет)

Алматы әуежайы. (Көрнекі сурет)

Жексенбі күні Алматыға шетелден ұшып келген соң қатерлі дерт жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған адамның ағзасынан Эбола вирусының белгілері табылмаған. Бұл туралы бүгін Қазақстан ұлттық экономика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақтың карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы жүргізген лабораториялық зерттеулер нәтижесі негізінде науқасқа «тыныс органдары арқылы жұғып асқынған ринофарингит» деген түпкілікті диагноз қойылған.

Осыған байланысты науқаспен бір ұшақта келген экипаж мүшелері мен сапарлас болған адамдарға қатысты карантиндік шектеулер алынған.

Қазақстанның Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында тұратын 37 жастағы Ресей азаматы Сергей Барышников бүгін таңертең Алматы әуежайынан ауруханаға жеткізілген. Наурыздың 9-ы мен 14-і аралығында Гвинеяда іссапарда болған ол Алматыға Стамбул арқылы жеткен. Науқастың соңғы үш күнде дене қызуы көтеріліп, іші өткеніне шағым айтқаны анықталған.

XS
SM
MD
LG