Accessibility links

Бакуде девальвация салдарына наразылық болды


Бакуде өткен наразылық митингісі. Әзербайжан, 15 наурыз 2015 жыл.
Бакуде өткен наразылық митингісі. Әзербайжан, 15 наурыз 2015 жыл.

Әзербайжан астанасы Бакуде 15 наурызда жүздеген адам наразылық акциясына шығып, таяуда ұлттық валюта - манаттың құнсыздануынан бағаның күрт қымбаттауына және девальвацияның басқа да салдарына наразылық білдірді.

Билік рұқсат еткен "Ұрлықты жоямыз" деп аталатын демонстрацияны Демократиялық күштердің ұлттық кеңесі (ДКҰК) ұйымдастырды. Акцияға қатысушылар "Манатты өлтіргендер жазалансын" және "Сайлауды бұрмалау тоқтатылсын" деген ұрандар жазылған плакаттар ұстап шықты.

ДКҰК жетекшісі Джамиль Хасанлының айтуынша, оның Facebook-тегі парақшасы бұзылған. Оның пікірінше, билік оның парақшасын бұзу арқылы халықты митингіге шақыруына кедергі келтірмек болған.

Ақпан айында Әзербайжан орталық банкі манатты күрт құнсыздандырған. Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 33,5 пайызға, еуроға шаққандағы бағамы 30 пайызға арзандаған.

Ұйымдастырушылардың дерегінше, митингіге 10 мыңға тарта адам қатысқан. Бірақ бұл сан әзірге басқа тәуелсіз дерек көздеріне растала қоймады.

XS
SM
MD
LG