Accessibility links

Иран экс-президентінің ұлы сотталды


Иран экс-президенті Акбар Хашеми Рафсанджанидің үлкен ұлы Мехди Рафсанджани.
Иран экс-президенті Акбар Хашеми Рафсанджанидің үлкен ұлы Мехди Рафсанджани.

Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанджанидың ұлы Мехди Рафсанджани коррупциялық қылмыс жасады және ұлттық қауіпсіздіккке қатер төндірді деген айыппен 15 жылға сотталды.

Иран сотының мәлімдеуінше, 45 жастағы бизнесмен Мехди Рафсанджаниге мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған. Оның 20 күн ішінде сот үкіміне шағымдануға құқығы бар.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мехди Рафсанджани 2009 жылы президент сайлауынан кейін жаппай наразылық акцияларына қатысты деп айыпталған. Ол 2012 жылы үш жыл тұрған Ұлыбританиядан Тегеранға келген бетте тұтқындалған. Мехди кейін кепілге босатылып, ұзамай қайта ұсталған.

Мехди - Акбар Хашеми Рафсанджанидің үлкен ұлы. 2009 жылғы сайлау кезінде Ирандағы қатаң саясатты жақтаушылар Рафсанджани мен оның жанұясын оппозициялық "Жасыл қозғалыс" ұйымын қолдады деп айыптаған.

Акбар Хашеми Рафсанджани 1989-1997 жылдары Иран президенті болған.

XS
SM
MD
LG