Accessibility links

Путин: Қырым үшін ядролық қару қолдануға да дайын болдық


Ресей президенті Владимир Путин ресейлік телеарнадан көрсетілген "Қырым. Отанға қайту жолы" деп аталатын деректі фильмде сөйлеп тұр. 15 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік телеарнадан көрсетілген "Қырым. Отанға қайту жолы" деп аталатын деректі фильмде сөйлеп тұр. 15 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қырымның басып алынуы туралы деректі фильмде сөйлеген сөзінде Украина мен Қырымдағы жағдайға байланысты қажет болса Ресейдің ядролық қаруын қолдануға дайын болғанын мәлімдеді.

- Біз ядролық күштерді әскери дайындыққа келтірдік. Маған батыс елдерінің басшылары телефон соғып, Ресейдің Қырымдағы әрекетін тоқтатуға шақырды. Мен оларға Қырымның біздің тарихи территориямыз екенін, онда орыстарға қауіп төніп тұрғандықтан оларды тастап кете алмайтынымызды айттым, - деген Путин "Қырым. Отанға қайту жолы" деп аталатын фильмде.

Андрей Кондрашов жасаған үш жарым сағатқа созылатын деректі фильм ресейлік РТР телеарнасынан көрсетілді. Бұл телеарна қазақстандық кабельдік және спутниктік теледидардан да көрсетіледі.

Фильмде Путин "Киевтегі билікті басып алмақ болғандар жасаған мемлекеттік төңкерістен" Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің өміріне қауіп төнгенін айтады.​

2016 жылдың 16 наурызында Қырымның жергілікті билігі Ресейдің қолдауымен Қырымның мәртебесі туралы референдум өткізген. Референдумнан екі күннен соң Қырым мен Севастополь Ресей құрамына кірген. Батыс елдері Қырымның аннексияланғанын қатаң айыптаған.

XS
SM
MD
LG