Accessibility links

Бразилияда президентке қарсы шерулер өтті


Бразилия президенті Дилма Русефке қарсы наразылық шеруіндегі демонстрант. Сан-Паулу, 15 наурыз 2015 жыл.

Бразилия президенті Дилма Русефке қарсы наразылық шеруіндегі демонстрант. Сан-Паулу, 15 наурыз 2015 жыл.

Бразилияның ондаған қаласында 15 наурызда жүздеген мың адам марш өткізіп, коррупциялық жанжалға тап болған ел президенті Дилма Русефтің отставкаға кетуін талап етті.

Наразылық шерулерінің ең ірісі Сан-Паулуда өтті. Қаланың орталық көшелеріне 210 мыңға тарта адам жиналды. Рио-де-Жанейро, Порту-Алегри қалаларында да үлкен наразылық акциялары болды.

Дилма Русеф Бразилияның Petrobas деп аталатын ең ірі мұнай-газ компаниясындағы коррупциялық жанжалға қатысты дауға қалған. Тергеу деректері бойынша, Petrobas-пен қымбат келісім шарттар жасап бергені үшін құрылыс және энергетикалық компаниялар пара ретінде 800 миллион АҚШ долларын берген.

Қазір Petrobas-тың жоғары шенді бірнеше басшысы қамауда отыр. Ұлттық конгресстің ондаған мүшесі, үкіметтің бұрынғы және қазіргі өкілдері тергеуге алынған.

Дилма Русеф бұған дейін Petrobas-тың басқарма төрағасы болған, бірақ ол тергеліп жатқан жоқ.​

XS
SM
MD
LG