Accessibility links

Дияс WTA турнирінде Уильямстен жеңілді


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс жүлде қоры 5,3 миллион миллион АҚШ долларын құрайтын WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. Ол төртінші айналымға шығу матчында америкалық теннисші Серена Уильямстен 6:2, 6:0 есебімен ұтылды. Матч 53 минутқа созылды.

Бұған дейін Зарина Дияс бұл жарыста хорватиялық Донна Векичті ұтқан.

11 наурызда АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында басталған жарыс 22 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG