Accessibility links

Бішкекте Қырғызстанның КО-ға кіру жайы талқыланды


Бішкекте Қазақстан және Қырғызстан салық органдарының басшылары Қырғызстанның Кеден Одағы мен Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруіне дайындық мәселелерін талқылады.

Қырғызстан мемлекеттік салық қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күндік семинар-жиында Қырғызстанның КО мен ЕАЭО-ға кіруі жол картасының іске асу жайы, алкогольдік және темекі өнімдеріне салатын акциздік салық мөлшерін үйлестіру жайы талқыланған. Бұған қоса Қырғызстанның КО-ға мүше елдердің салық органдары арасындағы электронды түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қою жайы да сөз болған.

Қазақстан делегациясы жиында бірнеше баяндама жасап, КО-ға кірер тұста және одаққа қосылғаннан кейін тап болған мәселелерді шешу тәжірибелерімен бөліскен. Бұдан өзге Қазақстан жағы ЕАЭО аясында тауар экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салық салу тәртібі, кеден бекеттері ашылғаннан кейін туындайтын қиындықтар жайлы айтқан.

XS
SM
MD
LG