Accessibility links

"Аңыз адам" редакторы қазақ тілі сынағын тапсырды


"Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай.

"Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай.

"Аңыз адам" журналының бас редакторы, кезектен тыс президенттік сайлауға өзін-өзі ұсынған Жарылқап Қалыбай бүгін қазақ тілі сынағынан өтті.

Қалыбайдан емтихан қабылдаған лингвистикалқ комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, ол жазба жұмысында қате жібермеген. Сынақтың екінші тапсырмасында үміткер Бауыржан Момышұлының шығармасынан үзінді оқып, үшінші тапсырманы да орындаған.

Жарылқап Қалыбай Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде тіркелуге 12 наурызда өтініш берген.

56 жастағы Жарылқап Қалыбай қазақ тілінде «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарын шығарады.

Былтыр 13 адам «Аңыз адам» журналының сәуір айындағы санында «Адольф Гитлерді дәріптеген мақала» шыққанын айтып сотқа жүгінген. Сот басылымның бас редакторы Жарылқап Қалыбайдан арыз иелерінің әрқайсысына бір миллион теңгеден өтем төлеуді және олардан жария түрде кешірім сұрауды міндеттейтін шешім шығарған. Қалыбай сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеген.

Президенттікке үміткерлерді ұсыну кеше, 15 наурызда аяқталған. Кандидаттарды тіркеу 26 наурызда аяқталады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG