Accessibility links

СІМ: Үндістанда зорланған қазақстандыққа қатысты іс бақылауда


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Үндістанның Нью-Дели қаласында зорланды деген қазақстандық әйелге қатысты мәселені бақылауда ұстап отыр деп хабарлады бүгін министрліктің баспасөз қызметі. Үндістан полициясы қазақстандық зорлады деген күдікпен үш азаматты ұстаған.

Бұған дейін үндістандық The Times of India басылымы 12 наурызда Нью-Делиде Қазақстаннан барған 27 жастағы әйелді қаланың Карол Баг ауданындағы қонақүйлердің бірінде үш адамның зорлағаны туралы хабарлаған. Басылым қазақстандықтың Нью-Делиге іссапармен барғанын жазады.

"Қазір үнді полициясы істі тергеп жатыр. Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің консулдық бөлімі азаматтарымыздың құқықтары мен мүддесін барынша қорғау үшін жәбірленушімен және Нью-Дели құқық қорғау органдарымен байланыс ұстап отыр" дейді министрлік.

XS
SM
MD
LG