Accessibility links

Путин денсаулығына қатысты сыбысты "өсек" деп атады


Ресей президенті Владимир Путиннің (оң жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі. Санкт-Петербург. 16 наурыз, 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің (оң жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі. Санкт-Петербург. 16 наурыз, 2015 жыл.

Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың кездесуі басталды.

Бұл - Путиннің денсаулығына қатысты түрлі сыбыстар шыққаннан кейінгі көпшілік алдына алғаш рет шығуы.

Шараға қатысып отырған журналистер Путиннің ол жайлы "өсек болмаса, қызықсыз болып қалады ғой" деп айтқанын әлеуметтік желіде жазып жатыр.

Екі ел басшылары кездесу барысында қырғыз-ресей арасындағы әріптестік мәселелері, ортақ жобалар сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара шаралар барысын талқылайды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG