Accessibility links

ЕО-ның Орталық Азиядағы жаңа өкілі тағайындалды


Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини словакиялық дипломат Питер Бурианды ЕО-ның Орталық Азиядағы арнайы өкілі етіп тағайындады.

Жоғары лауазымды дипломат Питер Буриан бұған дейін Словакияның НАТО-дағы, БҰҰ мен АҚШ-тағы елшісі болған. Ол ЕО-ның Орталық Азия бойынша бұрынғы өкілі Янош Херманның орнына келіп отыр.

Тағайындауға қатысты Могеринидің таратқан мәлімдемесінде "Питердің тағайындалуы - ЕО мен Орталық Азия елдері ынтымақтастығының жалғасып жатқанының көрінісі және біздің мұндағы заңның үстемдігі, қауіпсіздік, энергетика, су ресурстары, білім беру және адам құқықтары сияқты ортақ мүддеміз тоғысқан мәселелерге араласуымызға ықпал етеді, Орталық Азия - стратегиялық аймақ" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG