Accessibility links

Мәскеу мен сепаратистер Донбассқа қатысты заң жобасын сынады


Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер жетекшісі Денис Пушлин.
Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер жетекшісі Денис Пушлин.

Ресей мен Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер Киев даярлаған елдің шығысындағы сепаратистер бақылауында ұстап отырған территорияларға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын сынады.

Донецк облысындағы сепаратистер басшысы Денис Пушлин заң жобасын ақпан айында Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді "өрескел түрде бұзу" деп атады.

Заң жобасында Донецк мен Луганск облыстары Украина заңдарына сай және халықаралық қауымдастықтың бақылауымен сайлау өткізілгеннен кейін ғана ерекше мәртебе алады деп көрсетілген.

Заң жобасы бұған қоса әскери қарулы топтарды қаруын тастап, Украинадан кетуге міндеттейді.

Украина Жоғарғы Радасының спикері Владимир Гройсман заң жобасы келесі айда дауысқа салынатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG