Accessibility links

Израиль парламентіне сайлау өтеді


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Бүгін Израильде ел парламенті - Кнессетке сайлау болады. Сарапшылардың көбі бұл сайлауды қазіргі премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы үшін референдум есебінде өтпек деп санайды. Таяуда жүргізілген сауалнама нәтижесі "Ликуд" партиясының Исаак Херцогтың "Сионистік одақ" партиясынан қалып келе жатқанын көрсеткен.

Беньямин Нетаньяху 16 наурызда егер сайлауда партиясы жеңіске жетіп, өзі төртінші рет премьер-министр болса, Палестина мемлекеті құрылуына жол бермейтінін мәлімдеген.

Сайлауалды кампаниясы кезінде Нетаньяху Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қандай да бір келісімге қарсы екенін ашық білдірген.

Херцог пен оның сайлаудағы серіктесі Ципип Ливни Нетаньяхуды "сайлаулады науқанында елдегі әлеуметтік мәселелерді талқыламас үшін қауіпсіздік мәселесін алға тарта береді" деп айыптаған.

Израильдің сайлау заңдары бойынша, елде бір де бір партия 120 орындық парламентте басымдыққа ие бола алмайды. Есесіне, сайлауда көп дауыс жинаған партия үкіметті құру мүмкіндігіне ие болады.

XS
SM
MD
LG