Accessibility links

Елеусізов сайлаудан кандидатурасын алып тастады


"Табиғат" экологиялық одағының төрағасы, кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Мэльс Елеусізов.

"Табиғат" экологиялық одағының төрағасы, кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Мэльс Елеусізов.

"Табиғат" экологиялық одағының төрағасы, кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Мэльс Елеусізов "қаржы жоқ" деген уәжбен сайлаудан кандидатурасын алып тастады" деп хабарлады бүгін Қазақстандағы жергілікті БАҚ. Елеусізов президент сайлауына қатысу өтінішін қайтарып алу үшін бүгін Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) барған.

Қазақстан заңдары бойынша, президентікке үміткер сайлауға түсуге тіркелу үшін қазақ тілінен сынақ тапсырып, өзін қолдайтын 93 мың адамның қолын жинауы және ОСК есеп-шотына бір миллион 60 мың теңге сайлау жарнасын аударуы тиіс.

Бүгінге дейін президенттікке кандидат ретінде бір-ақ адам - президент Нұрсұлтан Назарбаев қана ресми түрде тіркелген. Тағы бес адам - өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева, Қанат Турагелдиев, Әбілғазы Құсайынов пен Жарылқап Қалыбай және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов қазақ тілі сынағынан өткен. Оларға өзін қолдайтын адамдардың даусын жинау парақшалары берілді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуір күні өтеді.

XS
SM
MD
LG