Accessibility links

Алматы маңындағы тауда екі альпинист мерт болды


Алматы төңірегіндегі табиғат көріністері. (Көрнекі сурет).

Алматы төңірегіндегі табиғат көріністері. (Көрнекі сурет).

"Алматы маңындағы Кіші Алматы шатқалында Октябрь шыңына шығу кезінде екі альпинист қаза тапты" деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, қаза тапқандардың бірі - альпинизмнен Қазақстанның үш дүркін чемпионы, құзға өрмелеуден спорт шебері, 32 жастағы Геннадий Дуров.

Альпинистердің қаза тапқаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне 17 наурызға қараған түні түскен. Қаза тапқандардың денелері бүгін табылған.

Болжам бойынша, альпинистер мұздан тайып кетіп мерт болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG