Accessibility links

ДСҰ: Орталық Азияда туберкулез деңгейі әлі жоғары


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропадағы індеттің алдын алу мен бақылау орталығы жариялаған жаңа деректері бойынша, Еуропа мен Орталық Азияда күн сайын мыңға тарта адам туберкулез жұқтырады.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, туберкулезге шалдығу деңгейі ең жоғары бұл аймақтарда 2012-2013 жылдары індетпен ауыру 5,6 пайызға азайған. Есепте 2013 жылы Еуропа мен Орталық Азияда 360 мың адам туберкулез жұқтырғаны, оның 85 пайызы Ресей мен постсоветтік 11 елге тиесілі екені айтылады.

Осы аралықта туберкулезден қайтыс болған 38 мыңнан астам адамның да көпшілігі - постсоветтік елдердің азаматтары.

ДСҰ мен Еуропадағы індеттің алдын алу мен бақылау орталығы туберкулезбен күрестің баяу жүріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG