Accessibility links

Израильде парламент сайлауы аяқталды


Израиль премьер-миинстір Беньямин Нетаньяху парламент сайлауына дауыс беріп тұр. Иерусалим, 17 наурыз 2015 жыл.

Израиль премьер-миинстір Беньямин Нетаньяху парламент сайлауына дауыс беріп тұр. Иерусалим, 17 наурыз 2015 жыл.

Израильде парламентке мерзімінен бұрын сайлауға дауыс беру аяқталды.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы мен Исаак Херцогтың "Сионистік одақ" партиясы арасында бәсеке күшейген.

Кейбір телеарналардың хабарлауынша, екі партияның әрқайсысы 120 орындық Кнессетте 27 орыннан алған. Кейбір ақпарат құралдары "Ликуд" 28 орын алып, "Сионистік одақ" 27 орын алғанын айтады. Беньямин Нетаньяху Twitter-де "үлкен жеңіске" жеткенін жария етті.

Сайлаудың түпкілікті нәтижесі бүгін белгілі болады.

Нетаньяху осымен төртінші рет премьер-министр болғысы келеді. Ол сайлау алдындағы науқанда қауіпсіздік мәселесіне көп көңіл бөліп, "Иранның ядролық бағдарламасынан қауіп төнетінін" қайталай берген. Ол қайтадан сайланса, Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермейтінін айтып, Иранмен келісімге қарсылығын білдірген.

Херцог Нетаньяхуды "сайлау науқанында қауіпсіздікті айтып, электоратты үрейлендіре берді, ал Израильдегі маңызды әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде өмір сүру жағдайының тым қымбаттығына назар аудармады" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG