Accessibility links

Иран: Келісімнің техникалық мәселелерінің 90 пайызы шешілді


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф (ортада) АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесуден шығып барады. Швейцария, 17 наурыз 2015 жыл.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф (ортада) АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесуден шығып барады. Швейцария, 17 наурыз 2015 жыл.

Иран ядролық бағдарламасының басшысы Әли Акбар Салехидің айтуынша, келіссөзге қатысушы тараптар ядролық келісімге қатысты "техникалық мәселелердің 90 пайызына" келісім білдірген.

Иран телеарнасының хабарлауынша, Салехи келіссөзге қатысушылар "бір ғана маңызды мәселеге" қатысты ғана қарама-қайшы ұстанымда екенін айтқан. Ол бұл мәселені Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри кездесуінде шешуге тырысып жатқанын білдірді. Бірақ ол нақты қандай мәселеде келіспеушілік барын ашып айтпады.

Ақ үй Иранмен жақын уақытта келісім жасалады деген үмітті баса тұруға тырысуда. Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест "Президент Барак Обаманың пікірінше, әзірге жағдай өзгерген жоқ" деп мәлімдеген.

Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өтіп жатыр. Наурыз айының соңында әлемдік державалар мен Иран арасындағы келісім жобасын жасауға берілген мерзім аяқталады.

XS
SM
MD
LG