Accessibility links

Ресей Қырымға бомбалаушы ұшақтарын жіберді


Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы.

Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы.

Ресей әскерилері Украинадан аннексиялап алған Қырымға стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын жіберіп, аймаққа Калининград облысындағы тактикалық зымыран кешендерін орналастырғандарын мәлімдеді.

Ресейлік ТАСС және "Интерфакс" агенттіктерінің 17 наурыз күні Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, "Қырымға ядролық қару алып ұша алатын Ту-95 және Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары барғанын" хабарлады. Ұшақтар мен зымыран кешендері Ресейдің оңтүстік-батысында өткізіліп жатқан ауқымды әскери жаттығулар аясында апарылған.

Ресей билігі бұған қоса, "әскери жаттығу кезінде НАТО-ға мүше Польшамен шекараға жақын Калининград облысына "Искандер" зымыран кешені жіберілгенін" мәлімдеген. "Искандер" зымыран кешенінің әрекет ету радиусы 500 километрге жетеді. Зымыран кешені қарапайым немесе ядролық ұштықпен жабдықталады.

Польша премьер-министрі Ева Копач "Ресей мұндай әрекеттері арқылы Еуропа кеңесінің алда болатын кездесуі шешіміне ықпал еткісі келеді" деген. Еуропа кеңесі жиынында Ресейге салынған санкцияларды ұзарту немесе қосымша жаңа санкциялар салу мәселесі қарастырылады.

XS
SM
MD
LG