Accessibility links

Ресейде қазақстандықтарға 5 сайлау бөлімшесі ашылады


2011 жылғы Қазақстан президенті сайлауындағы Алматыда сайлау учаскесі. (Көрнекі сурет).

2011 жылғы Қазақстан президенті сайлауындағы Алматыда сайлау учаскесі. (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру үшін Ресейде бес сайлау бөлімшесі ашылады деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшісінің кеңесшісі Ерлан Байжановқа сілтеме жасаған ресейлік РИА Новости агенттігі.

Байжановтың журналистерге айтуынша, сайлау учаскелері Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі жанында, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астрахан қалаларындағы консулдықтарда ашылады. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта жүреді.

"Дауыс беру үшін Қазақстан азаматы сайлау учаскесіндегілерге жеке басын куәландыратын құжатын ғана көрсету керек. Басқа есептен шығару құжаты немесе талон сұралмайды" деген Байжанов.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG