Accessibility links

AI: Қырымда қудалау мен азаптау азаймай тұр


Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей аннексиялап алған Қырым билігін адам ұрлау мен азаптау фактілерін тексере алмай отыр деп айыптады.

Наурыздың 18-інде жариялаған жаңа есебінде AI Қырым басшылығы "мұның есесіне аймақта өзгеше ойлайтындарды қудалап, үрейлі жағдай қалыптастырды, билікті сынаушылардың көпшілігін шетелге кетіп қалуға мәжбүрледі" дейді.

AI есебі Ресей президенті Владимир Путин мен Қырымның ресейшіл басшыларының аймақтың Ресейге қосылуы туралы құжатқа қол қойғанына бір жыл толған тұста жарияланып отыр.

Ұйым аннексияланғаннан бері Қара теңіздегі Қырым түбегінде ұрланған жеті адамның тағдыры әлі күнге белгісіз екенін айтады. Тағы бір ұрланған адам денесінде азаптау белгісі бар, өлі күйінде табылған.

Amnesty International бұған қоса Қырым басшылығы БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін шектейтін заңдар қабылдап, аймақта "қорқыныш пен үрейлі ахуал" тудырып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG