Accessibility links

Денис Тен әлем чемпионатына қатысады


Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсеткен сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл.
Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсеткен сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Шанхайдағы әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Халықаралық коньки спорты одағының ресми сайты мәлімдеді.

Шанхайдағы әлем чемпионаты 25-28 мамырда өтеді. Денис Тенмен қатар бұл жарысқа Сочи олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзурю Ханю да қатысады.

Денис Тен биыл Сеулдегі (Оңтүстік Корея) "Төрт құрлық чемпионатында" жеңімпаз атанған.

Ол​ 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген.

XS
SM
MD
LG