Accessibility links

Өзбекстанмен арада шекара бекеттері азайтылмақ


Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. (Көрнекі сурет)

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. (Көрнекі сурет)

Мәжіліс депутаттары бүгін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттері туралы келісімге түзету енгізуді мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, негізгі өзгеріс - өткізу бекеттерінің тізіміне Мақтаарал бекеті қосылған. Мақтаарал бекеті арқылы қазақстандық жүктерді Сырдария су қоймасы аумағынан өзбекстандық транзиттік теміржол бөлімі арқылы сыртқа шығаруға болады деді ол.

Бұған дейін Өзбекстан жағы Мақтаарал бекеті бекітілген тізімде жоқ болғандықтан Қазақстан пойыздарын бұл бағытта жібермей жүрген.

Исекешев заң өзгерісі Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы көлік өткізу бекеттерінің санын оннан алтыға дейін қысқартуды қарастыратынын айтады.

XS
SM
MD
LG