Accessibility links

Мүгедектер жәрдемақыны көбейтуді кейінге қалдырмауды сұрады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда бүгін бір топ мүгедек және мүгедек балалардың ата-аналары жиын өткізді. Олар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінен мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандарға төленетін әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға көтеруді кейінге қалдырмауды сұрады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы халыққа жолдауында 2015 жылғы қаңтардың 1-інен бастап мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін 25 пайызға көбейтуді тапсырған.

Жиында сөйлеген "Ұлағатты жанұя" қорының жетекшісі Марианна Гурина биыл үкімет 2015-2017 жылдарға арналған бюджет шығындарын қысқарту кезінде аталған жәрдемақыны көбейтуді 2016 жылдың қаңтарына қалдырғанын айтты.

Жиналған тұрғындар үкіметтің бұл жоспарымен келіспейтіндіктерін, қымбатшылық пен экономикалық дағдарыс кезінде мүгедектер дәрі-дәрмек пен өзге де қажеттіктері үшін мемлекеттен бөлінетін жәрдемақыға аса мұқтаж екенін айтады. "Кейбір отбасылар тек сол әлеуметтік жәрдемақыға ғана қарап отыр, Қазақстан экономикасы мүгедектерге төленетін қаражатты үнемдеу есебінен дамып кетпейді" дейді ата-аналар.

XS
SM
MD
LG