Accessibility links

Морис Симашкоға ескерткіш тақта орнатылды

Ақын, бұрынғы майдангер ұшқыш Леонид Гирш (оң жақта), Қазақстандағы "Мицва" еврей мәдени орталықтары ассоциациясының президенті Александр Барон жазушы Морис Симашкоға ескерткіш тақта орнату кезінде сөйлеп тұр. Алматы, 18 наурыз 2015 жыл.

Алматыда бүгін жазушы Морис Симашкоға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахетов тақтаның ашылу салтанатында ескерткіш тақта жазушының туғанына 91 жыл толуына орай ашылғанын айтты.

Одан кейін ақын әрі бұрынғы майданға қатысқан ұшқыш, отставкадағы полковник Леонид Гирш, Қазақстандағы "Мицва" еврей мәдени орталықтары ассоциациясының президенті Александр Барон сөйледі. Олар Морис Симашконың "Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты екенін", 1986 жылы Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін Абай атындағы әдеби сыйлыққа ие болғанын айтты.

Морис Давидович Симашко (Шамис) 1924 жылы 18 наурызда Одесса қаласында туып, 2000 жылы 15 желтоқсанда Тель-Авивте қайтыс болған. Жазушы қайтыс боларынан бір жыл бұрын Алматыдан Тель-Авивке қоныс аударған.

XS
SM
MD
LG