Accessibility links

Лавров Донбасс туралы заң жобасы сынады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 18 наурыз 2015 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 18 наурыз 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның сепаратистер бақылауындағы шығыс аймақтарының мәртебесі туралы заң жобасы өткен айда Минскіде Германия және Францияның арағайындығымен жасалған бейбіт келісімді "көпе-көрінеу бұзып отыр" деп мәлімдеді.

Лавров Украина парламенті наурыздың 17-сінде қабылдаған сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын Украина мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында саяси келісімге келу мүмкіндіктерін қатты азайтады деп сынады.

"Ендігі саяси процесс қалай жүрерін білмеймін" деді ол.

Лавров Германия мен Франция сыртқы істер министрлеріне Минск келісімінің алғашқы саяси шарттарының "өрескел бұзылуына назар аударуды сұрап" хат жазғанын айтты.

Құжатта сепаратистер басып алған, ерекше мәртебе мен өзін-өзі шектеулі түрде басқара алатын территориялардың шекарасы көрсетілген. Сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе беру өткен айда Минскіде қол жеткен қақтығысты тоқтату келісіміндегі негізгі шарттардың бірі болған.

Заң жобасында Донецк мен Луганск облыстары Украина заңдарына сай және халықаралық қауымдастық бақылауымен өткен жергілікті сайлаудан соң ғана ерекше мәртебе алатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG