Accessibility links

Франкфурттегі шеру полициямен қақтығысқа ұласты


Еуропа орталық банкі жаңа кеңсесінің маңындағы оқиғадан сурет. Майндағы Франкфурт, Германия, 18 наурыз 2015 жыл.
Еуропа орталық банкі жаңа кеңсесінің маңындағы оқиғадан сурет. Майндағы Франкфурт, Германия, 18 наурыз 2015 жыл.

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында бүгін демонстранттар мен полиция арасында болған қақтығыстардан екі жақтан да зардап шеккендер бар. Наразылық шеруіне Еуропа орталық банкі жаңа кеңсесінің ашылу рәсімі себеп болған.

Blockupy қозғалысының бастамасы бойынша ұйымдастырылған шеруге қатысушылар банк кеңсесін басып алуға әрекет жасаған. Оның алдында сол жерде полицияның бірнеше көлігін өртеп, полицейлерге тас лақтырған.

Еуропа орталық банкі кеңсесі орналасқан ғимаратқа жақын жерде автокөлік дөңгелектерінен баррикада тұрғызылған. Полиция шеруді тарату үшін су және көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке таяқпен ұрған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға барысында 350 адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG