Accessibility links

Тунис музейіне шабуылдаушылар оққа ұшты


Музейге шабуыл жасаушыларды ұстауға келген арнайы әскер. Тунис, 18 наурыз 2015 жыл
Музейге шабуыл жасаушыларды ұстауға келген арнайы әскер. Тунис, 18 наурыз 2015 жыл

Тунистің астанасындағы Бардо музейіне шабуыл жасаған екі адам қауіпсіздік күштерінің арнайы операциясы кезінде оққа ұшты. Атыс кезінде 1 полицей мен 7 шетелдік турист өлген. Ресми билік өкілдері операцияның аяқталғанын хабарлады.

18 наурызда қарулы екі адам Тунис қаласындағы парламент ғимаратының қасындағы Бардо музейіне шабуыл жасап жатқанда көрші парламентте депутаттар терроризммен күрес заңын талқылап отырған. Төтенше жағдайдан соң парламент ішіндегі жұрт эвакуацияланды.

Бұл мұражайдың антикалық ескерткіштер коллекциясын көруге туристер жан-жақтан келеді. Сәрсенбі күні кепілге алынған туристердің ішінде Ұлыбритания, Испания, Италия мен Франция азаматтары болған.

Көршілес Сирия қақтығыс ошағына айналғалы бері Тунистегі ахуал да ушыға бастады. Сирия мен Иракта соғысып жүрген содырлардың ішінде тунистіктер де көп.

XS
SM
MD
LG