Accessibility links

Евгений Танковты сот мерзімінен бұрын босатпады


Kazakhstan - Lawyer Evgeniy Tankov after his arrest. Karaganda, 07Apr2014

Kazakhstan - Lawyer Evgeniy Tankov after his arrest. Karaganda, 07Apr2014

Судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған Евгений Танковтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару немесе жазаны жеңілдетуді сұрап жазған өтінішін комиссия қанағаттандырмады. Танков жазасын өтеп жатқан АК 159/18 колониясында өткен көшпелі сот отырысына мекеме әкімшілігінің, прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комиссияның өкілдері қатысқан деп хабарлады Tengrinews сайты.

Танковтың өтінішін қараған Абай аудандық сотының судьясы Рашит Нұрмағамбетов «сотталушы түзелу жолына түспегендіктен жазасын жеңілдетуге негіз жоқ» деген қаулы шығарған.

Танковтың адвокаты Геннадий Озоровский сот қаулысына қарсы шағым беретінін мәлімдеген. «Колония басшысы Танковқа еңбекқор, тәртіп бұзбайтын және басқа сотталушыларға оң ықпал ететін адам ретінде мінездеме берді, ал судья негізсіз шешім шығарды» деген ол.

Заң бойынша, Танков өзін шартты түрде босатуды сұрап енді тек жарты жылдан соң ғана өтініш бере алады.

Судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған қылығы үшін қарағандылық адвокат Евгений Танков 2014 жылы шілденің 24-і күні үш жылға бас еркіндігінен айрылған. Былтыр қазанда апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырған.

XS
SM
MD
LG