Accessibility links

Мустафа Жемилев Режеп Ердоганмен кездеспекші


Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Жемилев.
Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Жемилев.

Украина президентінің Қырым татарлары істері жөніндегі уәкілі Мустафа Жемилев наурыздың 20-сы күні Киевте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеспекші. Бұл туралы Азаттықтың Қырым редакциясы тілшісіне Жемилев кеңсесінің бөлім меңгерушісі Арсен Жумадилов хабарлаған.

«Кездесуге Меджлис (Қырым татарларының – ред.) мүшелері де қатысады, Қырымда қуғын-сүргіннің күшеюіне байланысты Киевте олардың қатары өсіп келеді. Бұл кездесуге нақты кімдер қатысатынын жетекшілеріміз ол басталар алдында анықтайтын болады» деген ол.

Мустафа Жемилев Қырымда адам құқығы бұзылып жатқаны туралы мәселе көтеріп, Ресейдің Қырымдағы іс-әрекеттеріне қатысты Түркияның ұстанымын талқыламақшы.

Бұған дейін Түркия президенті Ресейдің Қырымдағы саясатына оң баға берген еді.

«Біздің бауырларымыз, Қырым татарлары, қазір бұрын болмаған құқықтарға ие. Владимир Путин Ресей бір ғана адамның немесе топтың емес, барша халықтың мүддесін ойлайды деп атап айтқан. Біз мұндай позицияны қолдаймыз» деп мәлімдеген Ердоған былтыр желтоқсанда Анкарада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден соң.

XS
SM
MD
LG