Accessibility links

Байқоңырдан "Протон" ұшты


Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылу сәті. 16 мамыр 2014 жыл.
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылу сәті. 16 мамыр 2014 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Астана уақыты бойынша 04:05-те ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. "Бриз-М" үдеткіш блогы бар зымыран тасығыш ғарышқа ресейлік "Экспресс-АМ7" байланыс спутнигін алып ұшқан.

"Роскосмостың" хабарлауынша, зымыран ұшырылғаннан бірер минуттан соң одан "Бриз-М" үдеткіш блогы мен байланыс спутнигі белгіленген уақытта ажыраған. Спутник бүгін Астана уақыты бойынша 13:18-де үдеткіш блоктан ажырап, орбитаға шығуы тиіс.

"Экспресс-АМ7" спутнигі Ресей, Еуропа және Үндістан территориясына телерадиохабарларын тарату, интернет қызметі, мәліметтерді беру, телефон қызметтерін көрсетуге арналған.​

XS
SM
MD
LG