Accessibility links

Швеция: Ресей дипломаттарының үштен бірі - тыңшы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Швеция арнайы қызметі Ресейді өз территориясында кең ауқымды тыңшылық операциясын жүргізіп жатыр деп айыптады.

Швеция қарсы барлау агенттігінің басшысы Вильхельм Унгенің мәлімдеуінше, Ресейдің Стокгольмдегі елшілігіндегі қызметкерлердің үштен бірі - тыңшы. 18 наурызда журналистер алдында сөйлеген ол "тыңшылардың" саны жыл өтсе де өзгермей отыр" деді.

Вильхельм Унге "тыңшылардың" Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мен қорғаныс министрлігіне қарайтын бас барлау басқармасының қызметкерлері екенін айтады. Ол "тыңшылық ететіндерді" совет дәуіріндегі тыңшылық жасағандарға қарағанда жас, жоғары білімді деп сипаттады. Унге өткен жылы Швеция арнайы қызметі Ресейдің Швецияның әскери технологиясына қатысты ақпарат алмақ болған бірнеше әрекетінің жолын кескенін айтады.

XS
SM
MD
LG