Accessibility links

Обама мен Меркель Украинадағы жағдайды талқылады


Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Барак Обама.

Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама 18 наурызда Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшылары Украинадағы дағдарысты бейбіт әрі мызғымастай етіп реттеу үшін Минскіде жасалған келісім жедел және толықтай орындалуы тиіс деген ұйғарым жасаған.

АҚШ пен Германия басшылары бұған қоса Ресей Минск келіісімі бойынша алған міндеттемелерін толық орындамайынша салынған санкцияларды босатсытпауға келіскен. Екі ел басшылары Украинаға экономикалық қолдау көрсетудің маңызды екенін де айтқан.

Канцлер мен президент Грекиядағы соңғы оқиғаларды да талқылап, Афинаны еуроаймаққа қайтаратын прагматикалық келісім жасау қажет деп түйген.

XS
SM
MD
LG