Accessibility links

БҰҰ-да Қырымға қатысты жабық жиын өтеді


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиындарының бірі. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиындарының бірі. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Литваның ұсынысымен жабық есік жағдайында Қырымдағы жағдайды талқылайды.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу Литва ұйымдастырған бейресми жиынды "нәтижесі болмайтын, арандатушылық" деп атап, жиынға қатыспайтынын білдірген.

Сессияда сөйлейтіндер арасында Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилев бар. Ол бұған дейін қырымдықтар "қорқыныш пен үрейде өмір сүріп жатыр" деген.

Ресей президенті Владимир Путин 18 наурызда Мәскеуде Ресейдің Қырымды аннексиялауының бір жылдығына арналған шеруде Қырымды алу аймақтағы этникалық орыстарды қорғау қадамы және ұлттың "тарихи тамырын" қайтару деп бағалаған.

Батыс елдері Мәскеудің Қырымды аннексиялауын айыптап, Ресейге қарсы қаржы-экономикалық санкциялар салған.

Шеруде сөйлеген Путин ауыр санкциялар салған батыс елдеріне қарсы тұратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG