Accessibility links

Ресей мен Оңтүстік Осетия одақтастық келісімін жасады


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Грузияның Оңтүстік Осетия аймағының басшысы Леонид Тибилов "одақтастық және интеграция" келісіміне қол қойып отыр. Мәскеу, 18 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Грузияның Оңтүстік Осетия аймағының басшысы Леонид Тибилов "одақтастық және интеграция" келісіміне қол қойып отыр. Мәскеу, 18 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 18 наурызда Тбилиси мен батыс елдерінің қарсылығына қарамастан Грузияның жікшіл Оңтүстік Осетия аймағымен "одақтастық және интеграция" келісіміне қол қойды. Путин мен Оңтүстік Осетия басшысы Леонид Тибиловтың келісімге қол қою рәсімі Кремльде өтті.

Келісім бойынша, Ресей Оңтүстік Осетияның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету, оның ішінде шекарасын күзету міндетін мойнына алады. Бұған қоса қазір аймақты қорғауға жауапты қауіпсіздік қызметі мен әскери күштер Ресей қарулы күштерінің немесе арнайы органдарының құрамына кірігеді.

Келісімге қол қойылғаннан ұзамай Грузия сыртқы істер министрлігі "одақтастық және интеграция" пактісі арқылы "Ресей Оңтүстік Осетия аймағын іс жүзінде аннексиялап алды" деп мәлімдеме таратты.

Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен қысқа мерзімдік әскери қақтығыстан соң жікшіл Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған. Мәскеу өткен жылы Абхазия аймағымен де "одақтастық және интеграция" келісімін жасасқан.

Еуропа Одағы мен АҚШ 17 наурызда Ресей мен Оңтүстік Осетия арасындағы келісімді "Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығын өрескел бұзады" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG