Accessibility links

СІМ: Сайдахметов қамаудағы жайына шағым айтпады


АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов өзінің қамаудағы жай-күйіне шағымданбайды деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығы қызметкерлерімен кездесуінде Ахрор Сайдахметов денсаулығына қатысты және басқа қандай да бір шағым білдірмеген. Сайдахметовтың адвокаты Дэвид Перлматтер келесі аптада сот күдіктіге қатысты айыптау актісін өндіріске қабылдауы мүмкін екенін айтқан.

19 жастағы Ахрор Сайдахметов ақпан айының соңында, Нью-Йорк әуежайынан Стамбулға ұшқалы тұрғанда ұсталған. Тергеушілер Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған дейді. Ол «ИМ қатарына қосылып, АҚШ-та теракт жасамақ болған» деген күдікпен ұсталған. Сайдахметовпен бірге бұл іс бойынша Өзбекстан азаматтары Абдурасул Джурабоев пен Аброр Хабибов та ұсталып, қамауда отыр.

13 наурызда Нью-Йоркте өткен сотта Сайдахметов өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан. Джурабоев пен Хабибов та кінәлары жоғын мәлімдеген. Сот оларды кепілге босату туралы өтінішті қанағаттандырмаған.

XS
SM
MD
LG