Accessibility links

Күн мен түннің биыл теңесетін уақыты айтылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

"Аспан экваторының Күн дискісімен қиылысуы" немесе көктемгі күн мен түннің теңелуі биыл наурыздың 21-і күні Астана уақытымен сағат 04:45 кезіне дөп келеді деп хабарлады Азаттыққа Алматыдағы Фесенков атындағы астрофизика институтынан.

Институттың жұлдыздар және тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакованың айтуынша, қазіргі күнтізбелерде күн мен түннің теңелуін бір күнге қойған.

Бірақ, іс жүзінде кібісе жылда (366 күн толық келетін жыл) бір күн артық болғандықтан күн мен түннің теңесетін уақытында аздаған айырмашылық бар дейді мамандар.

XS
SM
MD
LG