Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкция жайын талқылайды


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшылары Брюссельде наурыздың 19-ы мен 20-сы күндері өтетін кездесуде Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту мәселесін талқылайды.

Аты-жөнін жарияламауды өтінген еуропалық дипломаттың Азаттыққа хабарлауынша, Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск пен Германия және Франция өкілдері ресейлік банктер мен Ресейдің мұнай секторына салынған санкцияларды биылғы жылдың желтоқсанына дейін ұзарту ұсынысын даярлап жатыр. Болжам бойынша, ұсыныс осы айдың соңына дейін талқылауға түседі.

Дипломаттың айтуынша, ЕО-ға мүше кейбір мемлекеттер, оның ішінде Грекия, Австрия мен Словакия санкцияны ұзарту шешімін маусымның соңына - кейбір санкциялардың мерзімі бітетін кезге қалдырғанды жөн көреді.

Екі күндік саммитте Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украинамен қарым-қатынасты нығайту қажеттігі және Грузия, Молдова, Украинамен ассоциация және тығыз байланыс орнату келісімін ратификациялау жайы талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG