Accessibility links

СІМ: Тунисте қазақстандықтар зардап шекпеген


Тунистегі мұражайға шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. 18 наурыз 2015 жыл.

Тунистегі мұражайға шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. 18 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Тунис астанасындағы мұражайға жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары бары туралы ақпарат түспеді деп хабарлады Азаттыққа.

Наурыздың 18-і күні Тунис астанасында антика дәуірі ескерткіштері жинақталған Бардо музейіне белгісіз қарулы топ жасаған шабуыл салдарынан 22 адам қаза тауып, 24 адам жараланған. Құрбан болғандардың 20-сы - Италия, Германия, Польша, Жапония, Франция, Испания, Австралия және Колумбиядан келген туристер.

Қарулы шабуыл кезінде мұражайға жақын орналасқан парламент үйінде депутаттар терроризммен күрес туралы заң жобасын талқылап жатқан. Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Тунисте бюджетке кіріс қаржының басым бөлігі туризм саласынан түседі. 2011 жылы президент Зин әл-Әбидин Бен Әли биліктен кетірілген толқулардан бері Тунисте содырлар белсенді әрекет ете қоймаған.

XS
SM
MD
LG