Accessibility links

Қырғыз парламенті спикерін жұмысқа ерте келуге шақырды


Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жеенбеков (ортада).

Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жеенбеков (ортада).

Қырғызстан парламенті депутаты Ирина Карамушкина бүгінгі парламент отырысында спикер Асылбек Жеенбековтен жұмыс уақытын ерте бастауды сұрап өтініш білдірген. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Карамушкинаның айтуынша, оған Бішкек тұрғындары күнделікті таңертең мемлекет басшыларының автокөліктерін өткізу үшін жол бойында сарылып күтіп тұруға мәжбүр екендерін айтып шағымданған.

Депутат Карамушкина парламент спикерін күнделікті жұмысқа қазіргідей жұмыс басталар алдында 15 минут емес, кемінде бір сағат бұрын, таңертеңгі сағат сегізде келуге шақырып ұсыныс жасаған.

Қырғызстан заңы бойынша, елде президент, премьер-министр және парламент спикері полиция көліктері ілескен кортежбен жүреді.

XS
SM
MD
LG