Accessibility links

Қазақстан гандболдан Азия чемпионаты жартылай финалына шықты


Гандбол. (Көрнекі сурет)
Гандбол. (Көрнекі сурет)

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Қазақстан В тобында Гонконгты (37:10), Индонезияны (68:5), Өзбекстанды (40:23) және Қытайды (33:29) жеңіп жартылай финалға өтті. Енді бұл елдің құрамасы жартылай финалда А тобының 2-орын иегері Жапониямен кездеседі. Екінші жартылай финалда Қытай мен Оңтүстік Корея ойнайды.

Қазақстан 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында Оңтүстік Корея мен Жапониядан кейін 3-орын алған.

Индонезиядағы Азия чемпионаты 23 наурыз күні аяқталады. Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы үштікке енген құрамалар биыл өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

XS
SM
MD
LG